ӘБДІҚАДЫРОВ Қалмақан

ӘБДІҚАДЫРОВ Қалмақан (14.4. 1903. Қызылорда обл. Шиелі ауд. Сырдария а. -30.4.1964. Қызылордаобл. Шиелі ауд.) -ақын,жазушы. «Еңбекші қазақ» газетінде,Қазақстан Жазушылар одағында,Жамбыл мұражайында қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңі «Сырдария» 1925 ж,»Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Жалшы» 1928 ж. жарық көрген. «Екпін» (1932),»Шахтер» (1934),»Өлеңдер жинағы» (1935),»Май» (1935) жинақтарының,»Сәтбаев» (1936),»Келес қызы»,»Әңгімелер» (1952),»Мақташы қыз» (1953), «Қажымұқан» (1959),»Өміртайдың ауылы» (1935),»Амантай» (1936),»Тәтті қауын» (1936),т.б. прозалық кітаптардың авторы. Кейін қаламгердің «Ертегілер» (1953),»Тапқыш» (1983),»Палуан» (1985),т.б. кітаптары қайта басылып шықты. Шығыс шайырлары Әлішер Науаидың,Фирдоусидің,қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың,т.б. шығармаларын,шығыс классикасы «Мың бір түнді» (1944, 1955. 1962) қазақ тіліне аударған. «Қызыл жұлдыз» орденімен,т.б. медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *