ӘБДІРАМАН Шәмшиден

ӘБДІРАМАН Шәмшиден (19.10. 1937 ж.т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Амангелді а.) -жазушы, ғалым, пед. ғыл. докторы. ҚазҰТУ-ды бітірген (1960). 1960 -64 «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, 1964 -72 ж. Жезқазған кенішінде инженер, Алжирде кеніштің бас инженері қызметтерін атқарған. 1973 жылдан ҚазҰПУ-дың проф. Алғашқы әңгімесі » Көрінбес қорған» және тұңғыш кітабы «Елгезек электр» 1963 ж. жарық көрген. «Әл-Мисақ», «Ақиқат формуласы» ғыл.-фантаст. романдары мен «Әл-Фараби көпірі» кітабының, «Жер асты кен қазу технологиясы», «Кен қазу технологиясының негіздері» (2003) оқулықтарының авторы. Ә. проф. А.Машановтың ғыл.-әдеби мұраларын зертгеуге елеулі үлес қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *