ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ Серік

ӘБДІРАЙЫМҰЛЫСерік (5.5.1943 ж.т.. Жамбыл обл. Талас ауд, Үшарала.)-жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1968). 1968 -79 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметке,. жауапты хатшы,бөлім меңгерушісі,1979 -86 ж. «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі,»Өнер» баспасында бас редактор. 1986 -90 ж. Казақстан КП ОК жа-нындағы Партия тарихы ин-нде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1990 жылдан «Санат» (1993 жылға дейін «Қазақуниверситеті») баспасының директоры. Ондаған деректі әдеби шығармалардың авторы. Д.А. Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» (1991).» Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994), кітаптар,. орыс жазушысы Б.Васильевтің «Мансап пен махаббат» повесін,түрік жазушысы Орхон Кемальдың «Тұңғиықта» романын,орыс әншісі Ф.Шаляпиннің «Перде жамылған пенде» роман-эссесін,орыс жазушысы О.Серовтың «008-агентгің күйреуі» повесін, эстон жазушысы Пауль Кусбергтің «Монологін» және т.б. шет ел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қаһарман -Нұрғиса», «Елу жыл ел ағасы» кітаптарының құрастырушысы. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *