ӘБДІРАЗАҚОВ Бекен

ӘБДІРАЗАҚОВБекен (20.11.1936. Оңт. Қазақстан обл. Арыс қ., -9.1.2002. Алматы) -ақын,аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»),»Жетісу» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»),»Жұлдыз» журналдарында,»Жазушы» баспасында қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1963 жылы жарық көрген. «Сағыныш», «Күн толқыны» (1965),»Жігіт дәурен» (1967),Таңдамалы (1976),»Жырлайды жүрек»,»Көгілдір кеш»,»Өмір мен көңіл» (1993),т.б. отызға жуық жыр жинақтарының авторы. Ол, сондай-ақ орыс жазушылары М.Лермонтов, К.Чуковский. т.б.шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *