ӘБДІКОВ Төлен (4.9.1942 ж.т., Қостанай обл. Жангелдин ауд. Еңбек а.) -жазушы. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (2002). ҚазҰУ-ды бітірген (1965). 1965 -70 ж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1970 -77 ж. «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 -79 ж. «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор,1979 -90 ж. Қазақстан КП ОК-нде жауаптықызметте болды. 1990 -92 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Ә. -«Көкжиек» (1969). «Күзгі жапырақ» (1971),»Ақиқат» (1974),»Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме-повестер жинақтарының,»Өліара» (1985),»Ақшоқыдақыс қатты» (1987),»Парасат майданы» (2002) романдарының авторы. Әңгімелері мен повестері орыс тілінде «Истина» (1980. 1981) деген атпен жарық көрген. «Біз үшеу едік» (1985) пьесасы респ. театр сахналарында қойылды. Ә. грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Халықар. Ф.Кафка атынд. Қазақстандағы П ЕН клуб сыйл. лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдың (2003),Қазақстан мемл. сыйл. (2004) иегері.