Ұйқыға кеттің.

Ұйқыға кеттің.
Масқара:
Қиялға шомған баладай
Почташы әкеп тастаған
Хатыма-дағы қарамай.
Ұйқыға кеттің!
Ал, мұнда,
Мен тұрмын сап боп төзімнен.
Ұрланып кіріп бардым да
Бір сүйіп алдым көзіңнен!
Күнді сүйдік,
Гүлді сүйдік.
Ғажап еді-ау ортамыз.
Кімді сүйдік?
Бүгін соны еске алуға қорқамыз!
Күнә қалды…
Куә қалды!
Ол да өлгенмен – тірі адам.
Бір адамды сүйгеніңді кешірмейді бір адам!
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *