ҚУБАЛА МЕН ЖЫҒА ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ

 
(1-нұсқа)
Қубала мен Жыға …. Жұмырбаймен қанаттас болған
адамдар. Туып өскен жерлері де қанаттас болған (сол
Жаңақала ауданы). Қубала Масқар деген ру болса керек.
Жығаның қай ру екені мәлім емес.
Жығаны Қубаланың ауылы айттырып қойған екен.
Бір күні Қубала бір тойға келсе, Жыға өлең айтып отыр
екен. Үстіне Қубала кіріп келгенде, ығыспай өлеңін айта
береді. Қубала әрі арланып, әрі Жығаны тоқтатқысы
келіп, бір сөз дейді. Оған Жыға жауап қайтарады. Айтыс
осылай басталады. Бірақ бұл жазылып отырғаны түгел
емес. Соңғы жағы ұмытылып қалған. Мәнісінде Жыға
жеңіледі.
Қубала:
Торының айыл, тұрман, тебінгісі,
Сөз сөйлейді әрбір жерде кемел кісі.
Тап болған заманыңа мен қайнағаң,
Ұялмай сөйлей мекен келін кісі.
Жыға қыз:
Қубала, бала десем, жігіт педің?
Басыңда ақ қалпағың түбіт педің?
Ішінде топты жұрттың келін дейсің,
Қубала, менен неге үміттендің?
Қубала:
Көрдің бе қыз Жығаның құтыруын,
Тазыдай жез қарғылы жұтынуын.
Мәріңе бала өгіз бір беріппіз,
Жығажан, қиын болар құтылуың.
Жыға қыз:
Басынан қоңыр төбе жуа аларсың,
Еліңе Жыға барса қуанарсың.
Қазірде өзімсініп жүргенменен,
Түбінде қыз Жығадан құр қаласың.
Қубала:
Басынан қоңыр төбе жуа аларсың,
Еліме бара қалсаң қуанарсың.
Қазірде «бармаймын» деп отырғанмен,
Түбінде біздің елге бір барарсың.
Жыға қыз:
Қубала, олай десең үнің өшсін,
Тіліңнің болат қайшы ұшын кессін.
Қазақтай көп қарғысты мен білмеймін,
Біреуде құлшылықта күнің кешсін.
Қубала:
Қыз Жыға, олай десең үнің өшсін,
Тіліңнің болат қайшы ұшын кессін.
Қазақтың көп қарғысын мен білем бе,
Әкеңнің оң жағында ішің өссін.
Жыға қыз:
Астымда атым мінген ақ боз атым,
Қолыма найза алғаным салтанатым.
Әкемнің оң жағында бала тапсам,
Болмай ма ол өзіме қолқанатым.
Қубала:
Астыңа атың мінген ақ боз атың,
Қолыңа найза алғаның салтанатың.
Әкеңнің оң жағында бала тапсаң,
Қалмайды өле-өлгенше жаман атың.
 
Жыға қыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *