Іздеп келем.
Белгілі – таппайтыным.
Құпиям боп қалдың ғой, ғұмыр бойы
Жүрегімнің түбіне сақтайтұғын.
Шайтанкөлге сені іздеп талай бардым.
Жоқтығыңды білгенде – қалай бардым?
Сан барармын.
Әлі сан қарайлармын,
Ішқұса боп таба алмай тарта берем,
Келіп кеткен жолымен талайлардың.
Мен секілді мазасыз шерлі екен көк,
Барған сайын… нөсерін селдетер кеп.
Табысатын кезім де келді екен деп,
Арулардың жалт еткен жанарына
Жалтақ-жалтақ қарармын сен бе екен деп.
Дөңбекшітіп сені де төсегіңде,
Шырылдаса сағыныш – сезім – бала,
Сабыр беріп жүр ме екен төзім – нала?
Қалай десең – олай де, осы өмірде
Сүйген, сүйе білетін – өзім ғана
Ақсұңқарұлы Серік