ТОҚЫРАУЫН

– Мұхитты да, теңізді де көріп ем,
Тоқырауын бәрінен де ыстық! – деп.
Сүңгуші еді құшырланып кеп көкем!
Ыстық! – дейді… Қызу қайдан жетті екен?
Жаңа ғана шомылғанда салқын су,
Қапелімде қалай қайнап кетті екен?
Сүңгиді кеп, тәні суды сүйеді,
Судың асты таңғажайып би еді.
Бізге қарап айқайлайды көкеміз,
– Тоқырауын – киелі ғой! Киелі!
…Асау жылдар… толқындарша… алқынып,
Асау ағын басылыпты шарқ ұрып:
Төкен марқұм асыр салған бір кезде
Тоқырауын бара жатыр тартылып.
Ақтоғайда – Тоқырауын өзені,
Салт аттыны өткізбейтін өзегі…
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *