ТОҚЫРАУЫН

Ақтоғайда – Тоқырауын өзені,
Салт аттыны өткізбейтін өзегі…
Жаз шыққанда осы өзеннің алабы, –
Шет елдегі бейне пляж алаңы.
Шомылғанда қара бала қаптаған,
Қара теңіз астар болмай қалады!
Алпамсадай денесімен топ-толық,
Атылып кеп сүңгігенде оқ болып –
Астанадан келген Төкен көкеміз
Алпыс минут! кететұғын жоқ болып!
О, сұмдық-ай!
Сүңгіп өлу мақтан ба?
Алпыс… бала басады кеп «Аттанға!»
…Төкен көкем күліп шыға келетін
Жағадағы ел жанталасып жатқанда!
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *