Сәулесі жоқ үрейлі жанарында

Сәулесі жоқ үрейлі жанарында,
Тап боласың жалаңаш сан аруға.
Қатып қалған… Жер шары шыр айналып,
Басқа дүние жан бітіп жаңаруда!
Кеткен ұйықтап!
Ұйықтауда зор тыныспен,
Жатқан сынды түс көріп толқып іштен.
О, сұмдық-ай, қатыгез зәрлі ұйқы,
Мәңгі ұйқы! Сен неткен қорқынышты ең!
Қатты ұйқыда, уақыттың қатал – ділі,
Естіледі маған да қаһарлы үні.
Түндер сайын төсектен атып тұрам
Жанымның ап мазасын жаһан жыры.
Тұр ма әлемге бір сұмдық орнағалы?
Анашымның тартады сол қабағы.
Күнде эфирден гүрсілдеп жарылады,
Дабыралы Нейтрон бомбалары…
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *