Сенбеші оған, сұра жұрттан сыналған,
Сұрашы анау шыңда тұрған шынардан:
Алдау үшін ғашықтарды аңғалақ
Пасықтар ғой соны ойлап шығарған!
Сенбеші оған… есіңді алған сұм ағын –
Қайда әкетіп бара жатыр?
Тұл – әнім…
О, сұмдық-ай!
Қасаң қағидалардан
Тарс жарылып кетер ме екен құлағым?!
Сенбеші оған… Елең қылма түгін де,
Өткенде емес бар үмітім – бүгінде.
Жалғыз өзім жастанып ап жартасты
Күтем сені Шайтанкөлдің түбінде.
Сенбеші оған… Жаңбыр менен жасында,
Тірі жан жоқ–табиғат бар қасымда –
Есіл шақты еркін еске түсіріп,
Күтем сені Шайтанкөлдің басында.
Келші, жаным… Суытпашы бекер бой,
Шайтанкөлің – қасиетті мекен ғой.
…Мәрт ғашықтар бір-біріне өмірде
Мәңгі бақи жолықпайды екен ғой.
* * *
Қас қағымда дүние бүлінді ме,
Кеттің хабар-ошарсыз түңілдіре.
Жат еркекке жүрегің жүгінді ме?
Шайтанкөлде кездесіп қалып едік,
Бүкіл жерде жоқсың сен бүгін, міне.
Күнімді де тәрк етіп – батпайтұғын,
Таңымды да тәрк етіп – атпайтұғын,
Ақсұңқарұлы Серік