РОССИЯ

Ғаламат ғаламсың Сен
Көз жетпес ұшаныңа.
Құшақтап қалай сүйем,
Сыймасаң құшағыма?
Жара сап жанына да
Тәніне құдыретті –
Ұлы ақындарыңа да
Сыйладың ұлы дертті…
Аяз да, өктем жасын
Жаныңмен егіз еді.
Көл-көсір төккен жасың
Қаның да теңіз еді!
Кесір мен керістердің
Бәрі оғын саған атты.
Ғаламат Жеңістердің
Парқы да ғаламат-ты!
Қаһарлы айбының да,
Мықтымыз – Сен де, мен де:
Жоқ ұсақ қайғы-мұң да,
Жоқ ұсақ пенделер де!
Отаным!
Қарашы, ұлың
Ұмтылды құшақтауға.
 
Ұлы елдің баласының
Һақы жоқ ұсақтауға.
Аяулы анасың сен,
Даңқты түлектері.
Ұлы боп қаласың сен,
Ұлдарың ұлы өйткені.
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *