Ойларым мені барады тығырыққа алып:
Жүрсің бе менен бір жерде тығылып, талып –
Кездесіп менен басқа бір Балуан Шолақ
Махаббат деген күресте жығылып қалып?!
Ғалия Ару, қайтейін, дір етер жаным…
Жаныңды сенің жаулаған кім екен жалын?
Махаббат деген күресте жығылған болсаң –
Балуан Шолақ әлі де тірі екен, жаным!
Ақсұңқарұлы Серік