Оған-дағы үйренген етім бүгін.
Желмен бірге кетіпті жетімдігім.
Кеше өзіммен бірге ішкен жігіттерге
Кекесінмен қарайтын секілдімін!
Кеудем толы өлең бе, ария ма?
Ақ кемемен жүземін дарияда…
Көргендерім – ғажап-ты. Ояна сап
Аңыз қылып айтқанда Ғалияға…
Жүз шайысып, сол жолы ұрысқан ек,
Жерге түсті… қолында – хрусталь ед…
Таң қалған-ды зайыбым, сандалған-ды:
– Ақыл-есің, байғұс-ау, дұрыс па?.. – деп.
– Шытынама сен анау… хрусталша,
Жөнін біліп алсаңшы – ұрысқанша:
Әкім болар едім ғой, ақын болмай…
Ақыл-есім егер де «дұрыс» болса!
Ақсұңқарұлы Серік