Күндердің бір күнінде

Күндердің бір күнінде,
Сұлтан қалды қоршауда,
Қауіп төнді, «не істемек?»
Жалғыз өзі көп жауға.
Қағаз жазып тезбе-тез
Ит мойнына байлады,
«Взводқа тез жеткіз»,– деп
Жұмсады итін айлалы;
Ит болғанмен білетін
Иесінің ниетін,
«Жат», десе тыныш жататын,
«Үр», десе кеп үретін.
Тек осы жол азырақ
Түсіне алмай дағдарды,
Бара түсіп, қайтып кеп,
Дел-сал болды, сандалды.
Кім біледі, әлде ол
Қимай жүр ме иесін,
Айтар еді, тілі жоқ,
Ойын қайдан білесің?
Итіне бір қарады
Ашуланып ер Сұлтан,
«Кет» – деп қатты зекіріп,
Салып қалды тұмсықтан.
Сонда ғана түсініп,
Сырттан сызып жөнелді,
Жер бауырлап, жылысып,
Кетті асып бір белді.
Кеп жүгірді тоқтамай,
Взвод жатқан бекініс,
Тапты соны оп-оңай.
Взводтағы жігіттер
Көре салып Сырттанды,
Тез түсініп бір гәпті,
Мойнындағы хатты алды.
Сапылдатып тілімен
Екі-үш рет су жалап,
Бөгелместен ізінше
Сырттан кетті абалап.
Бұл кездерде ер Сұлтан
Арпалысып, арбасып,
Жауларына жағалай
Жатыр еді оқ шашып.
Айнала жау андыздап,
Қалып еді жақындап,
 
 
 

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *