Кім білсін, осы бәрінен

Кім білсін, осы бәрінен
Қиындау… Қайтіп жан бағам:
Алданып келем әлі мен,
Әлі де қанша алданам?!.
Таныс көп, Тәте, менде де
Дейтұғын: «Кетпес есеңіз,
Сеніңіз мендей пендеге,
Жүрегі адал десеңіз!»
Сенемін. Ұқпас мені кім?
Үмітке жаным кенелді:
Адамға деген сенімім
Алдамас мүмкін мені енді…
* * *
Есіңде ме Шайтанкөлдің түндері,
Қиял бізді сонда алысқа сүйреді.
Өмір деген тәтті болып кеткен-ді,
Сонда сенің ерініңнен сүйгелі.
Көз алдымда – сауал толы көздерің,
Жанарыңды жаһан қылып кезгенім.
Өмір заңы өз әмірін жүргізді
Сен сезбедің… мен де түкті сезбедім…
Тарпаң тағдыр жаншып басып еңсені,
Жолға шықтық…
Жоқ! Жоғалттым мен сені!
Мәрт ғашықтар бір-біріне өмірде
Мәңгі бақи кездеспейді деуші еді…
…Құстай ұшып Шайтанкөлге жеттім де
Елесіңе тұрдым тағзым еттім де.
Сен де сеніп сол әзәзіл сөздерге
Кездескеннің қолын ұстап кеттің бе?
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *