«Келер кезі болды»,– деп

«Келер кезі болды»,– деп,
Жолын тосып жүретін.
Көре қалса Сұлтанды
Арсалаңдап, еркелеп.
***
Шапшитын кеп мойнына,
Қыңсылайтын еркелеп…
Кенет бір күн сұм Гитлер
Шапты бізге қасқырша,
Елімізге оқ атты,
Бұғып келіп ұрыша.
«Қорғаймыз,– деп Отанды!.
Тастүлектей түйілдік,
Кекке толы кеудеміз,
Көк болатты үйірдік.
Бізбен бірге Сұлтан да
Эшелонға отырды;
Жүргізем деп дәл қазір
Паровоз да өкірді.
Сол мезетте вокзалда
Көрдік біздер Сырттанды,
Жерді иіскелеп,
жүгіріп,
Жүрді іздеп Сұлтанды.
Көрді Сұлтан Сырттанын,
Шақырмады, таң қалды
«Япыр-ай қалай келді екен,
Қалған еді байлаулы?»
Сұлтан мінген вагонды
Тапты Сырттан иіскелеп,
Үріп-үріп жіберді
Дәл есікке жақын кеп.
Сұлтан итін қимады,
Тастағысы келмеді,
Ит ерткендей жай бар ма,
Командирі көнбеді.
Сонда Сұлтан ақырып,
Сырттанға «үйге кет»,– деді
Қорқытса да, ұрса да
Сырттан тіпті кетпеді.
 
 
 

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *