Жұдырықтай жұмыр жердің бетінде

Жұдырықтай жұмыр жердің бетінде
Жұдырықтай пенде еді бір
болғаны…
Кіші кісі. Кіші қызметі де.
Портфелі де жуан емес қолдағы.
Аз – мұз ғана еңбекақы.
Күлкілі: алтын берсең,
ашкөз емес,
алмас-ты!
…Терезесі дүрсілдеді бір күні
атып тұрса:
Соғыс деген
Албасты!!!
Алды ол сонда кіп-кішкентай автомат.
Кіп-кішкентай етік көрдім кигенін.
Кіп-кішкентай каска көрдік… қат-қабат.
Өз бойындай – кіп-кішкентай шинелін…
Шабуылда өлді ол. Қашып кетпеді!
Үні естіліп шықырлаған тісінің…
Мырза – жердің мәрмәрі де жетпеді
Құйған кезде сол Кісінің мүсінін.
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *