Жүрегіңде –

Жүрегіңде –
Жүремін мен мәңгі өмір сүремін де.
Қиын екен қоштасу!
Бірақ, жаным,
Оңай нәрсе бар ма еді бұл өмірде?
Жылаймын ба, құдай-ау, күлемін бе?
Өкініш бар өртенген реңіңде.
Жүрегіңде –
Жүремін мен мәңгі өмір сүремін де.
Жұмып алып көзіңді, жүдедің де
Сүңгіп кеттің тағдырдың түнегіне.
Қолыңа ұстап оқып көр: менің атым
Жазулы тұр жаралы жүрегіңде!
Жүрегіңде –
Жүремін бе, мәңгі. Өмір сүремін бе?
Ол – белгісіз! Әйтеуір, сенің атың
Жазулы тұр жаралы жүрегімде…
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *