Баяғының тәкаппар мырзасындай

Баяғының тәкаппар мырзасындай,
Кіріп едік қасқиған қақпаларға.
Мейлі, мені жамандап жарыса кеп,
Өсекке таң, ол дағы таныс әдет.
Сұлу қыздың бәріне асылзада
Басымды иіп келемін ханыша деп.
Соны жыр ғып толғадым – толғасам да,
Сары майдай еріді ол да сонда.
Кілтін таптым әйелдің жүрегінің
Сәкен сынды бекзада болмасам да.
Құнын біліп шаттығы, мұңының да,
Қалдым өстіп сұлулық тұғырында.
Әйтеуір мен Жиенқұл болған жоқпын
Қамшының сабындай ғұмырымда…
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *