АДАЙ КӨТЕРІЛІСІ (1930 – 32) – Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылық саясатына қарсы Маңғыстау қазақ-тарының наразылық қимылдары. Ф.Голощекин бастаған БК(б)П Қа-зақ өлкелік к-ті Адай у-н (1928 ж. қаңтарынан – округін) ерекше ба-қылауға алып, таптық жіктелу саясатын күштеп таңды. Қазақ АКСР-ы ОАК-нің мүшесі, Адай окр. аткомы төрағасының орынба-сары Шәбден Ералиевтің (1898 – 2.11.1928) Каспий түбіндегі жұмбақ қазасын желеу ете отырып, ОГПУ орындары округтің басшыларын кезекті қуғынға ұшыратты. Кезінде “адай ханы” болып танылған Тобанияз Әлниязов бастаған беделді азаматтардың тұтқынға алынуы ел-дің қатты наразылығын тудырды. Ауыр салықтардың толастамауы-нан қазақ ауылының материалдық жағынан әбден титықтауы, күштеп ұжымдастыру, “байларға шабу-ыл”, дінді қорлау, 1929 жылғы жұт және оның соңын ала келген ала-пат ашаршылық орталық жібер-ген уәкілдер мен жергілікті шолақ белсенділердің жүгенсіздігі, үздіксіз үркіту мен қуғындау А. к-нің баста-луына түрткі болды. 1930 ж. тамызында Адай окр-нің таратылып, Гурьев және Ақтөбе округтеріне бағындырылуы да халық толқуына әсерін тигізді. 1930 ж. 9 қазанда ОГПУ үштігі “Сопы”, “Адайды құтқару”, “Ақбота” атты астыртын ұйымдар құрып, кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізді деген айыппен 61 адамның ісін қарап, 21 адамға ату жазасын кесті.