Еркін жырды
Серпілдірді
Сенің, құрбым, екпінің.
Ш а х т е р:
Шахтер болмай,
Шабыт қонбай,
Аша алмассың жыр кенін.
Бізбен бірге
Түс тереңге,
Талабыңның түр жеңін.
Сырты – жарқын,
Іші – салқын,
Қойсаңшы құр сызуды.
Тоңба өзің,
Болсын сөзің
Тас көмірдей қызулы.
А қ ы н:
Рас айтасың,
Кім байқасын,
Жазыппыз ғой небір «том».
Не жыр емес,
Көмір де емес,
Қызуы жоқ бықсық тоң.
Шахтер жолдас,
Енді болмас,
Еріксіз мен жеңілдім.
Жазайын жыр,
Қазайын бір
Кен шахтасын өмірдің
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ