Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауарсың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық – суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
1953
* * *
Япырай, мына күннің райын-ай!
Төсектен тәуір болып тұрайын-ай.
Десем де қабағын бір қойды-ау ашпай
Ерегіскен, енеңді ұрайын-ай!
Шығайын ең болмаса бір күн деймін.
Азырақ ашылсаңшы, шіркін, деймін.
Түнеред әкесін мен өлтіргендей,
Бір сыбап аламын да, күркілдеймін.
1953
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ