Шыға беріп қарғады

Шыға беріп қарғады,
Есігін орда жамылып:
— Біздің де мінген ағаш ат,
Мұны да Бөкей мінерсің.
Біздің де киген тар киім,
Мұны да Бөкей киерсің.
Сен де мендей тұтылып,
Қолға түсіп күйерсің.
Бұл айдауға мен кетсем,
Екінші айдау келгенде,
Тәуке, Жәңгір екі ұлың,
Біреуін ұстап берерсің.
Еділден бергі Шаған су
Оны да қалмақ жайласын,
Жылқыңды шұбап айдасын.
Ұлың менен қызыңның
Біреу көрсін пайдасын.
Көлінде қулар шуласын,
Көзіңнің жасын буласын.
Бұл айдауда мен кетсем,
Екінші айдау келгенде,
Өзің қолға тұтылып,
Қатын да балаң шуласын!
 
 
 

Мұрат Мөңкеұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *