Сәскеде сансыз көкек сұңқылдаған

Сәскеде сансыз көкек сұңқылдаған,
Неткен кез дүние балқып күй тыңдаған!
Еркелеп бұйра бұлақ жатыр аунап,
Сүйкімді жас үнімен сыңқылдаған.
Алыста асау өзен күркіреген,
Жер жатыр жалт-жұлт етіп бір түлеген.
Аспанның өрмегіндей жерге төккен
Бір нәзік жұпар жаңбыр сіркіреген

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *