«Аузың дуалы қыз едің, менің күнім не болады» депті ұзақ ауырып жатқан кемпір Ұлбикеге. Сонда сырқат адамға сүйеніш болар деген үмітпен қыз былай депті:
Өткеннің не болғанын кәрі білер,
Мән-жайын бүгінгінің бәрі білер.
Аты ай бойы ауырып жатқан жанның
Сауығып жазыларын дәрі білер.
Кеселге көп ауырған жем болады,
Бір жері, айықпаса, кем болады.
Шипасын, сүзек болса, мен айтайын,
Марал шыбық суы да ем болады.
Ұлбике Жанкелдіқызы