Күттім, күте шайыр болып шайқадым

Күттім, күте шайыр болып шайқадым,
Оның бәрін әнеугүні байқадың.
Гүлдер гүлге арзу айтып ашылса,
Арзамды мен саған ғана айтамын.
Күттім… келдің сияқтанып жарық күн,
Айы болдың түнде адасқан ғаріптің.
Аққуыма оқ атылса беймезгіл,
Рас, мәңгі жас жұтам деп жабықтым.
Сен келем деп, мен күтем деп шаршадық,
Екеуіміз екі жақта ән салып.
Тағдырымыз жазылатын тақтада,
Бақытсыздық бола қоймас соншалық.
Бұл жалғанға назасы көп жандайын –
Аспан жалқынданбаса екен әрдайым.
Үкілім-ай ұшып кетпе… бақбақтай –
Бақытымнан айырылып қалмайын.
 
Х. Есеман

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *