Басымды тауға, тасқа ұрдым, түңілмедім

Басымды тауға,
тасқа ұрдым, түңілмедім,
Жарамас жарты жолдан бүгілгенім.
Жүрегімнен үзілген өлеңім-ау,
Шеменімді шетінет бүгін менің.
Ертеңгі үмітімді ұстартамын,
Бүгінгі күдігімді қысқартамын.
Дос дейтін дос жоқ менде білсең егер,
Сондықтан қыз болсаң да,
Іштартамын.
Күн кешемін бағзының серісіндей,
Сезім де сылдыраған келісімдей.
Иіді жан-дүнием…
Мен емеспін –
Қайыңның қатып қалған берішіндей.
 
Х. Есеман

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *