Асу да асу бел еді

Асу да асу бел еді,
Аса бір соққан жел еді.
Ә дегенше болмады,
Жауға жетіп келеді.
Балаға екі тұр, деді,
Аттарыңа мін, деді.
Не қылғаның жауда жатқаның,
Мен біліп келдім сендердің
Сілелерің қатқанын.
Былай тарт та, былай шаныш,
Атаңның көрші атқанын,
Жауға қарай шапқанын.
Шабумен келіп кіреді,
Ай бетінен кіреді,
Күн бетінен шығады,
Екі-үш күн айқай салады,
Қарасай, Қази, ЕрТарғын
Қалмақты жаулап алады,
Табанына салады.
Әңгімесін айтады,
Еліне аман қайтады!
 
 
 

Мұрат Мөңкеұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *