ӨЗІГЕЛДІГЕ

 
Алшынның жақсысы едің, Өзігелді,
Бір сөздің айтатұғын кезі келді.
Билігің Нұрқанға айтқан орынсыз боп,
Алдында Шілменбеттің неге өзгерді.
Жүйрік едің ешқашан сүрінбеген,
Бәйгеден талай-талай бұрын келген.
Он сом пұлға сатылып ойда жоқта,
Тазыдай қылғыныпсың жырын жеген.
 
Құлыншақ Кемелұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *