Әуелі, дұғай сәлем айт,
Мекен еткен Еділ сағасын
Аузы түкті кәпірдің
Бітірмеген жарасын,
Аузы түкті кәпірдің
Еңіреткен қатын-баласын,
Ат үстіне мінгесін,
Қазақ бенен қалмақтың
Ашқан екен арасын,
Қысас болған қалмақтың
Талай жыртқан жағасын,
Көк Еділ мен Самардың
Кестірмеген ағашын,
Дұшпанға намыс бермеген,
Дұшпанның көңілін көрмеген,
Мылтық пенен зеңбірек
Оғы тисе де өлмеген,
Мұсылмандардың бәрін ес деген,
Ерлердің бәрін дос деген,
Кәпірдің бәрін өш деген,
Жазыммен тиген жалын от
Терісіне қажау салып теспеген,
Қызыл шұбар ту алған,
Алмасын қанға суарған,
Дұшпанын көрсе қуанған,
Елдің ішін толтырған
Қалмақтың қызы мен жуаннан.
Мұнартып жатқан дария,
Қатуланып ақырса,
Қара жер болды суалған,
Қашаған Күржіманұлы