Құлақ салсаң, ерлерім,
Атамнан қалған есімде,
Көріп тұрмыз бүгін бесінде.
Бұл бағытқа жүргенде
Кездесер деп еді Бұлдыртау,
Ар жағында бар дейтін еді бір Құрғыртау.
Көрінген сонау екі жол
Екі аттыға тар болар,
Қиыншылығы да үлкен бар болар.
Әскер екі бөлініп,
Бірін-бірі көргенше,
Бір жетіге шейін зар болар.
Құрғырдың тауынан өткенде,
Қиғаш тауға жеткенде,
Біз іздеген дұшпаннан
Бейне белгі, сірә, бар болар,
Тәуекел етіп жүрелік,
Ғайып ерен қырық шілтен,
Алланың өзі жар болар.
Қашаған Күржіманұлы