Қылайын құрбан жанымды.

Қылайын құрбан жанымды.
Әділімнің жолына
Садақа еттім бүкіл малымды,
Алла берсе тілекті,
Жоқ қылайын өңшең залымды.
Атам Орақ аруағы,
Бүгін пана болыңыз,
Бүгін басқа қоныңыз», –
Деп айқайлап дауыстар,
Аспанға соза береді.
Сол уақыттар болғанда,
Көк те Аллалап келеді,
Шөп те Аллалап келеді,
Тас та Аллалап келеді,
Тау да Аллалап келеді.
Аспандағы ұшқан құс
Бұ да Аллалап келеді.
Бір бәленің келгенін,
Бір сойқанның болғанын
Сонда қалмақ біледі.
Алтыншы күн қырады,
Қызыл қанға бояды
Көлденең сай мен жыраны.
Жетінші күн болғанда,
Батырлар сыртқа шығып қараса,
Әлі үштің бірі болмапты.
Батырлар Хаққа жылады,
Сөйтіп жүріп және сөйлейді:
«Астымда мінген тұлпарым,
Ауызыңа – мың кісі,
Сыпыра жалың – мың кісі.
Әр құйрығыңнын талына да – мың кісі!
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *