ҚАРАСАЙ – ҚАЗИ

Өткен заманда Ноғайлы дәуірінде Құрманбай деген
бай болған екен. Өмірінің бойында ол кісіде ұл да, қыз
да болмапты. Күндердің күнінде әйелі жүкті болып, ұл
бала тауыпты. Баланың қуанышына үлкен той жасайды. Тойға қазақ-ноғайлы халқын түгел шақырады. Тойға
тігілген үй мен келген адамның саны көп болады. Адам
көп болғандықтан, көптің ішінде тентек пен теліден
қауіптеніп, тойды басқару үшін Қырымның қырық батырын іздестіреді. Сұрастырғанда, олар әлі тойға келмеген екен. Орақ батырдың өлгеніне бір жыл толып, оның
қазасына Орақ батырдың қабан құлақ қара атын сойып,
олар сонда жатыр екен. Екінші рет шақыртқанда, олар
тойға келеді. Тойдың басқару міндетін батырларға тапсырады. Қызық той бірнеше күнге созылады.
Бір күні түс қайта құбыла жақтан жұлдыздай
бұрқыраған шаң көрінеді. Ол бір атты кісі екен. Ол қазақ-
ноғай халқын түгелдей басқаратын Қондыкер деген
патшаның шабарманы болады. Шабарман осы көпшілікке
патшадан хат әкелген екен. Хатты беріп, өзі кейін шауып кетеді. Хатты азар дегенде шала сауатты бір шалға
оқытып көрсе, он екі баулы қазақ-ноғайды басқаратын
Қондыкер ханның хаты болады. Ханның хат жазу себебі мынадай екен. Мұсылманның Қондыкер деген ханына
қалмақтың Күзбан деген ханы: «Бүкіл еліңмен соғыс жасамай бағын, болмаса қызыңды қатын, үйіңді отын етіп
шауып аламын, ұрысатын болсаң, қапы қалма!» – деп хабар салған екен. Содан Қондыкердің қалмаққа бағынғысы
келмей, Қырымның қырық батырына (бұның ішінде
атақтыларына) мына төмендегі мазмұнда жазылған хат
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *