«Іншалла, теріс емес еді тілегім,
Келеді аман, білемін.
Тәк, жайыңа қарап тұр,
Албырт туған боқ шіркін,
Баланың жарма жүрегін.
Менің қарағым жауда қалған жоқ,
Көкіректе арман жоқ.
Налып жатып көргенмін,
Сенің атаң Орақ пен Мамай да
Мұндай жауды алған жоқ.
Халыққа мұндай олжаны тіпті салған жоқ.
Ризамын Құдайға,
Бүгін өлсем де арман жоқ.
Қарасай, Қази сен едің,
Сендер менен туған неме едің.
Талай жерде тарықтың,
Сонда сендерге жәрдемші
Болып жүрген де мен едім.
Кешегі қалмақтың Әшке батырын өлтіріп,
Сәтіне істі келтіріп,
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,
Кәлимаға тілін келтіріп,
Ә, сонда жағалай таудың басында
Екі емшегім салынып,
Көзімнен аққан қанды жас
Өңірім судай малынып,
Еңіреп жүрген мен едім.
Сонда мұсылманнан әйел табылып,
Абыройларың жабылып,
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің ішінде
Әділ менен Қарасай
Көрісіп еді сағынып.
«Екеуің бірдей қатын», – деп, –
«Өлтірейін, – деп, – сендерді!»
Қолыңды қоймадың ба қылышқа?
Қарағым, маған ұрыспа.
Өзің ойлап қарашы,
Осы айтқан сөзім менің дұрыс па?»
Қашаған Күржіманұлы