ШӨЖЕ МЕН ҚҰЛЫНШАҚТЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСУЫ

 
Шөже:
Қаратаудың қатпасы,
«Көкпар шаба келдік» деп,
Бір-бір атты желдік деп
Мақтанбашы, Құлыншақ,
Ішкендерің көк кебек.
 
Құлыншақ:
Бісміллә сөзді бастайын,
Медет бер өзің, кәміл пір.
Өзіңе келмес уақыт
Бей бісміллә айтқан тіл.
Әр сөздің басы бісміллә,
Ұлықтығын бұдан біл,
Бісміллә шарапатымен
Екі дүние болып тұр.
Әзіреті жасап Меккеден
Ешбір жері кем емес,
Бабай түкті Шашты әзіз,
Үкеша сынды әулие
Мекен еткен көк белес.
Күнгей, Теріскей асасың,
Киелі жерге сен барсаң,
Көп қызыққа батасың.
Алмұрты мен алмасын,
Шиесі мен жуасын
Тойғанша жеп жатасың.
Баба түкті
Шашты әзіз
Ұлсыздарға ұл берген,
Айналайын Қаратау,
Әулиенің кені едің,
Қырық бір мың машайық
Мекен еткен өтенім.
Кәлиме келгір тіліңе,
Алжаспағын сен, Шөже,
Алдыма салып кетермін,
Артыңа теуіп кетермін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *