ШӘДІ ТӨРЕНІҢ ЖАУАБЫ

 
Құлыншақ, асықпаңыз, барасыз да,
Барған соң келмей сонда қаласың да.
Жан кетер, сүйек қурар ақыр бір күн,
Барғанда барамысың нағашыңа?!
Қазаннан «Сияр Шәріп» шықты, рас,
Қазақтың таратылды баласына.
Жақында «Орқа-Күлше» тағы шықпақ,
Келген соң содан келіп аласың да.
Келем десең, ағасы, кеп кетерсің,
Отырмыз Жабыкөлдің жағасында.
Ақындық та бұл да бір қасиет қой,
Осындай өлең жүрсе арасында.
Хат жолдаған өзіңе Шәді төре
Құлыншақтай арнаған ағасына.
 
Құлыншақ Кемелұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *