Халқымның кетті қаласы

Халқымның кетті қаласы,
Айдаһардың кетті баласы.
Бастыратұғын болмады
Табандарымның жарасы.
Жасаған Жаббар Құдай-ай,
Бұл күндері болғанда,
Аңдып жүрген дұшпанның
Қанатын болды табасы.
Қази жылап келе жатқанда, алдыңғы кеткен Қарасай
шаршап-шалдығып, енді жүруге әлі келмей, табаны
тесіліп, маңдайы кесіліп, бар киімін шешініп, екі аяғын
көсіліп, майдан далада, тау шатқалды салада есі кетіп
еңіреп, аузын ашып отыр екен. Үстіне Қази келіп, екеуі
жарлылықты, жоқтықты айтып отыра береді.
Сонда қарындасы Қибат ауылда отырып әр түрлі
ойға кетеді. Қосайдың тарланын алып келген күні түс
көріп, бұл кеткенде Қарасайдың жауды жеңе алмайтынын біледі. Қази да жаңа түс көріп жатқанда, шешесі оятып жіберген екен. Қибат ойлап-ойлап: «Атты апарып
берейін, көнсе екеуін, көнбесе біреуін алып қайтайын»,
– деп тарланға мініп, арттарынан қуып жетіп, Қарасайға
сөйлеуге қорқып, Қазиға айтқаны екен:
Кел, Қазижан, елге қайтайық,
Ағамен қош-қош айтайық.
Қареке, кетіп барасың,
Көрерміз бе енді біз жарық?
Біздер шулап жылаймыз
Құс ұшпастың құба шөлінде.
Орақ, Мамай хан болған
Он сан Ноғай елінде.
Жолдасыңды жауға тастасаң,
Халыққа қайта көрінбе.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *