Уа, шырағым Қарасай

Уа, шырағым Қарасай,
Аман-есен келдің бе?
Қалмақтың жауын көрдің бе?
Менің Әділ сұлтан жанымды
Жауға тастап келдің бе?
Иә болмаса, шырағым,
Өз қолыңнан көмдің бе?
Қарасай досты сен едің,
Әуре бейбақ мен едім.
Екі көзім еңіреуде,
Қайғымен уайым жеп едім.
Сен қасында бар болсаң,
Кешегі Әділ сұлтан, қарағым,
Жауда қалмас деп едім.
Сол бойыма біткенде,
Балалы пілді асырап,
Пілдің сүтін ішкен де мен едім.
Қарасай, айтшы шыныңды,
Мен алайын тынымды,
 
Қорқып тұрмын, қарағым,
Көрген соң сенің түріңді.
Әуре қылмай, шыныңды айт,
Қай жаққа тастап келесің
Менің Әділ сынды ұлымды?
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *