Сүйініштің ұлы батыр Қазтуған
Сізге арнаған хат екен
Ежелден қапа болмаған.
Және дұғай сәлем айт,
Астына мінген ақтабан,
Ақтабаннан басқа жақпаған,
Дұшпанға қарсы шыққанда,
Ерлердің бәрі мақтаған,
Қорамсақ толы көп оғын
Алтынменен қаптаған,
Он жасына келгесін,
Төсекке түзу жатпаған,
Бір өзінің дәл басын
Мың кісіге шақтаған,
Аламан қырмен өргізсін,
Әскерін қырмен жүргізсін,
Менің жазған бұл хатым
Іркілмесін барғасын,
Қалмақтың қара қошқыл ханына
Суарсын келіп алмасын, –
Көгістің ұлы Ер Тама,
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.
Және дұғай сәлем айт,
Мүниям байтақ шәрінен
Дию, кәпір бәрімен
Жалғыз өзі жау болған,
Қырылған әскер сүйегі
Асқарала тау болған,
Бұлағай салып бу етсе,
Бұдан да аман сау болған.
Қашаған Күржіманұлы