Садақтың оғын құйдырған,
Мылтық пенен зеңбірек,
Мұның дағын жидырған,
Атасы өткен Бүркіт хан,
Билеген елі бес мың сан,
Қаумасынан кетпеген
Бас көтерген мұсылман,
Дұшпанға қарсы шыққанда,
Оқ дәрісін арттырған,
Арбаға пұттап тарттырған,
Жөнелер кезде той етіп,
Ат бәйгісін шаптырған,
Бір параға нар беріп,
Бір параға ат беріп,
Бір параға сарпажаптырған,
Байтақ малды сойдырған,
Астана жұртын тойдырған,
Аламанның сыртына
Күзетші, сақшы қойдырған,
Қара көңіл жаманды
Сағатқа қоймай, жойдырған,
Шариғаттан басқаны
Құлағына алмаған,
Өз көзімен көрмесе,
Айтқан сөзге нанбаған
Руза мен бес намаз
Біреуін қаза салмаған,
Уәде, қаулы етіссін,
Уәделерін бекітсін,
Сәлем хат осы жеткен соң.
Бүркіттің ұлы Ер Әділ –
Қашаған Күржіманұлы