Пәруардігер Жасаған,

Пәруардігер Жасаған,
Өзектің жолын өртеттің,
Жүректі қайғы, дерт еттің.
Қарасайдай қарағым,
Ішкі сырыңды айтпастай.
Мұнша неге серт еттің?
Атаға тартпас жаман боқ,
Сенің жау жаулаумен ісің жоқ,
Саған тисейші жалғыз оқ.
Қарғаған қарғыс жетті ме,
Біреудің сөзі өтті ме?
Иә болмаса, шырағым,
Жасы кіші бала деп,
Біреу зорлық етті ме?
Неғылайын, Жасаған.
Бұл күндері болғанда,
Ақсұңқар құстың баласы
Құладын болып кетті ме?
Сенің атаң сұлу таңдаған,
Асылын жұрттың аңдаған.
Сонда менің аяғым ақсақ, көзім көр еді-ау,
Мені айттырып, соңымнан қалмаған.
«Асыл бала болар, – деп, –
Ажалым жетіп мен өлсем.
Аруағым сонда қалар!» – деп.
Сөйтіп алғаны мен едім.
Бір жеріңнен дәмем бар,
Сен бойыма біткенде
Айдаһардың мен жедім
Жауырыны мен төс етін.
Және алдырып бір жедім
Көзі менен ерінін,
Бұдан да жерік қанбаған.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *