Нәріктің ұлы Ер Шора –
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.
Және дұғай сәлем айт,
Аламанды бастап меңгерген,
Ерлердің бәрін тең көрген,
Дұшпанның бәрін кем көрген,
Көк сүңгісін алға өңгерген,
Талай жерден жол көрген,
Садағын сала байланған,
Астана жұртын айналған,
Қылжуырдай қисайған,
Қалмақты қырса, тыншайған,
Ар алған талай қамалдан,
Мұсылманның батпай жатқан жауынан
Оза шауып талай жол алған,
Аттанды деп есітіп
Қорыққаннан ерлерім,
Кетпей тұр аузым тобамнан,
Кетпей тұр қолым жағамнан,
Сәлем хат осы жеткен соң,
Аламанды бастап келер деп,
Дәмелі болып мен тұрмын
Қарт Нәрік сынды ағамнан.
Және дұғай сәлем айт,
Қалмақтың алған елдерін,
Елін жаман бүлдіріп,
Тартып алған жерлерін,
Тартып алып, меңгерген
Дария шалқар көлдерін,
Менің келді жансызым,
Қашаған Күржіманұлы