Неғып жаяу жүрермін?

Неғып жаяу жүрермін?
Жетім қызды құшақтап,
Неғылып дәурен сүрермін?
Қарағым келіп қасқайып,
Құдай-ай, қашан күлермін?!
Енді қайтып баруға,
Жүрегі де қайтты бұл елдің,
Айналайын қарағым,
Артыңда қалған ағаң жоқ,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Иә болмаса, Құдай-ай,
Артыңда қалған балаң жоқ,
Көкіректе алаң жоқ,
Тым болмаса, қарағым,
Артыңда қалған інің жоқ,
Мен сорлыда тыным жоқ.
Халқым қалды қаласыз,
Мен сорлы қалдым баласыз.
Бишара болған сорлы қыз,
Сен де қалдың ағасыз.
Адыра қалған ақ Орда,
Әділім саған кірер ме?
Арқасы құтсыз Ақтабан,
Әділім саған мінер ме?
Ауылымның үстіне
Билер кеңес құрар ма?
Билер басы құралып,
Көңілімді сұрар ма?
Отырсам, неғып тұрармын,
Қарағым еді-ау тұрағым.
Қарағым аман келеді деп
Естір ме екен құлағым?

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *