Мына сөзді есітіп,

 
Мына сөзді есітіп,
Ұйқыдан Қази тұрады.
«Қарекем қайда кеткен?» – деп,
Анасынан сұрады.
Сұрады да жылады,
Жылады да жүгірді.
Жүгіре-жүгіре келеді,
Бұ да жаннан түңілді.
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Қолымнан кетті көмегім,
Белімнен кеттің, демеуім,
Алланың берген медеуім.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Жүгіре-жүгіре келемін,
Әлде қашан көремін?
Көре алмай қалсам осыдан,
Қайғыменен қан жұтып,
Қайғырып мен де өлемін.
Ішіп-жеуге нәрім жоқ,
Бір жаратқан Алладан
Болмаса менің қорегім.
Айрылып қалдым мен жалғыз,
Алла қылды, амал жоқ.
Енді байқап қарасам,
Қарасай ағам маған жоқ.
Еңіреп қалған қарт ана,
Қарасай мен Қази саған жоқ.
Айбары едің елімнің,
Елімде сендей адам жоқ.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *