Мен, мен едім, мен едім

Мен, мен едім, мен едім,
Мен қалмақтан шыққан ер едім.
Ноғайлының батырын
Қырып жүрген де мен едім.
Кеудем – темір, басым – тас,
Мен неғылған күнде тең едім?!
Сендер ат-жөндеріңді айтып білдірші,
Бүгін қайдан шыға қалған неме едің?
Сонда балалар сөйлейді:
«Ол айтқаның ып-рас,
Сенің кеудең – темір, басың – тас.
Тәңірім берсе тілекті,
Өзіңнің жерге түсер келдең – бас.
Сөйлейін сөзді жараса,
Қылармын саған тамаша.
Менің атымды сұрасаң;
Айдынды Орақ, айды Орақ,
Айбалталы қанды Орақ,
Аштархандай данды Орақ,
Атса, мылтық өтпеген,
Салса, найза теспеген,
Қылышпен шапса, кеспеген,
Әзір болған жарандар
Түк қасынан кетпеген! –
Мен аты-жөнімді айтайын:
Қази менен Қарасай!
Мен – сол Ер Орақтын баласы.
Көп айтып, алма мазамды,
Жеткізермін қазаңды,
Тартқызармын сазаңды.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *