Күнәлі болдым неғылып?!
Күнәсіз болсам, Қареке,
Сенің өлгенің жақсы қағынып.
Мырзаға көңілімді бермеген,
Сұмырай басым, қайтейін,
Бір алжыған қақбасқа
Қаламын ба бағынып?!
Алманың мойным сабындай,
Менен ару бар ма еді
Мүниям жатқан табыңда-ай?!
Ашпаған екен бағымды-ай.
Бір жаратқан Аллаға
Мендей жетім неғылды-ай?!
Маңдайым күндей балқыған,
Ажарым нұрдай шалқыған,
Қастарым қама құндыздай,
Көздерім Шолпан жұлдыздай.
Қасиетіме қарасам,
Атқа таққан андыздай.
Жылатып шалға берер ме
Мендей сұлу жалғызды-ай?!
Шал аузына қор қылма
Жауқазындай етімді,
Күн көрмеген бетімді.
Менің ағам сен болсаң,
Жаман көрдім ниетіңді.
Көп өтініш етемін
Тілімді алсаң, ағажан,
Жылатпа мендей жетімді.
Қашаған Күржіманұлы