Келбетіңе қарасам,
Жасың үлкенге ұқсайды.
Кезегіңді берейін,
Қалдырмай, етші маған жазаңды?
Мына сөзді есітіп,
Сонда қалмақ бұрқанды,
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанды.
Садағын қолға алады,
Толқып тұрған баланы
Толғай тартып қалады.
Қалмақтың атқан қол оғы
Темірге тиген кемедей
Қайтарып қайтып қалады.
Сонда Қарасай тұрып сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
«Мен де саржамды тартып көрейін,
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен
Сыбағаңды берейін!»
Садағын қолға алады,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғай тартып қалады.
Баланың атқан қол оғы
Аспаннан түскен жасылдай
Саулап өтіп барады,
Сол жерде қалмағың құлап қалады.
Енді келіп қос батыр
Ойранды жауға салады,
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Әділ Сұлтан хан үшін
Қашаған Күржіманұлы