Жұрттың көрдім қарасын.

Жұрттың көрдім қарасын.
Аруағыңды қарасам,
Қаптаған қара борасын.
Сенен де батыр болар ма,
Жұрттың жүрегін жарасың.
Жұртқа уайым саласың
Қазулы жатқан орлары
Ат зарпынан жол болар.
Аққан дария көлдері
Аруақпен қара жер болар.
Беріктік соққан тас қала
Ерлерімнің зарпынан
Ақырса, кесек құл болар,
Қалмақтың қызы күң болар.
Солқылдаған мырзасы
Табанға түсіп күл болар.
Ат жарағы аламан
Біздерге қара пұл болар
Жұртың зейінін құлатпа,
Жұртты босқа жылатпа,
Қаларсың қайтсаң ұятқа.
Қалаға қарсы біз барып
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,
Кәлимаға тілін келтірсек,
Жетпейміз бе мұратқа?!
Сіз айтқан сөз де ып-рас,
Қаласының басында
Жаюлы тұрған торы бар,
Айнала қазған оры бар.
Айтпай кеттің сен жаңа.
Айдын шалқар соры бар.
Қалаға қарсы барғанда
Қатындар қалар, ер барар.
Соған барған аламан
Қарық олжаға мол болар
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *